Мектептің даму бағдарламасы
Мектептің даму бағдарламасы
Мектеп жағдайының проблемасын анықтау, талдау.
Мектептің оқу-тәрбие үрдісін дамыту мақсатында төмендегідей бірнеше мәселелерге көңіл бөлінді:
ØЖаңа жоба негізінде мұғалімдердің авторлық жұмыстарын, әдістемелік құралдарын, оқыту бағдарламаларын көбейту;
Ø«Отбасы – оқушы – мектеп» ұштастық жұмысын жандандыру;
ØМұғалімдердің сапалық құрамын көтеру;
ØЭксперимент алаңын құру, практикаға енген жаңа инновацияларды қолдану;
ØМұғалімдердің республикалық, облыстық, баспасөз беттеріне тәжірибе алмасу мақсатында мақалаларының санын көбейту.
Осы аталған мәселелерді шешу жолдары педагогикалық кеңесте талқыланып, мектептің даму бағдарламасының жобасы құрылып, мақсат- міндеттері айқындалды.
Даму бағдарламасының мақсат - міндеттері.
Даму бағдарламасының мақсаты:
Оқу – тәрбие үрдісінде қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологияларын қолдану негізінде бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Даму бадарламасының міндеттері:
Даму бағдарламасының кезеңдері
|
Кезеңдері
|
Мерзімі
|
Дамудың негізгі бағыттары
|
Жұмыстың мазмұны
|
|
І
|
2009-2010 жыл
|
Педагогикалық іс- әрекетті ұйымдастыруды зерттеушілік деңгейге жеткізу.
|
Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз әдістемелік және психологиялық оқыту жүйесін құру;
Оқушы тұлғасын зерттеу әдістемелерін жетілдіру;
Оқушыны психологиялық, педагогикалық тұрғыда диагностика арқылы зерделеу;
Мұғаліммен оқушының зерттеушілік іс- әрекетін ұйымдастыру:
Талдау жасау, ақпарат банкін құру.
|
|
ІІ
|
2010-2011 жыл
2011-2012 жыл
2013-2014 жыл
|
Білім беру мазмұнын, тәрбие үрдісін жетілдіру. Дарынды және шығармашылығы жоғары қабілетті оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыру.
|
Білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне еңгізіп, жетілдіру;
Мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.
Мұғалім- оқушы шығармашылық іс- әрекеттерін зерттеп, сараптау.
Мектептің жоғары қабілеті оқушылары туралы мәліметтер банкін құрып, олимпиа-далық резерв дайындау.
12 жылдық білім беру жүйесіне мамандарды кәсіби дайындау
|
|
ІІІ
|
2014-2015 жыл
|
Орындалған іс-әрекеттердің нәтижесін талдау, тарату.
|
Бейімдеп оқытуды мектеп ішінде ұйымдастыру, нәтижесін талдап шығару.
Шығармашылықпен жұмыс істеген мұғалімдердің авторлық бағдарлама-ларын шығар, іс-тәжірибелерін тарату.
Жалпы орта білім беруде 12 жылдық оқуға көшуді жүзеге асыру.
|
Мектептің даму бағдарламасын жүзеге асырудағы күтілетін нәтиже
1.Мектептің білім беру жүйесінде көп нұсқалық оқу жоспарын (базистік, бағдарлы оқу курстарын) тиімді қолданылуы.
2.Мектеп қызметінің басқару жүйесінің жетілдірілуі.
|
3.Кәсіби дағдысы дамыған, педагогика-психология негіздерін түсінетін, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдер ұжымыныңқалыптасуы.
|
4.Құзіреттілігі қалыптасқан жеке тұлғаның дамуы.
|
5.Мектептің материалдық-техникалық базасының жақсаруы.
|
|